
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахым Жетісу ауданының Отбасы қолдау орталығы қызметімен танысты, орталық күрделі жөндеуден кейін аналар үшін заманауи және ыңғайлы кеңістікке айналды. Орталықта аналар психологиялық және құқықтық көмек ала алады, сондай-ақ аспаздық, ағылшын тілі, кәсіпкерліктің негіздері және кәсіби дамуға жаңа мүмкіндіктер ашатын басқа да дағдыларды үйрене алады.
Сонымен қатар, мүгедектігі бар азаматтарға кешенді көмек көрсететін «Ten Qogam» орталығына барды. Мұнда тұрғындар кәсіби мамандардан кеңес алуға, оқу курстарынан өтуге, кәсіби бағдарлау алуға және бұл шаралар арқылы қоғамдық өмірге белсенді араласуына мүмкіндіктері бар.
Басты назар қызметтердің қолжетімділігін арттыруға, жаңа қолдау бағдарламаларын дамытуға және әлеуметтік орталықтардың жұмыс тиімділігін көтеруге және Жетісу ауданы тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға аударылды.