Бүгін Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі А. Сапарбек мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен кеңес өткізді. Кеңес барысында келесі сұрақтар талқыланды:
- 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер арасындағы құқық бұзушылық мониторингі;
- жұмыс уақыты регламентін сақтау;
- еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау;
- ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау.
Аталған іс-шара мемлекеттік қызметшілермен әдеп нормаларын бұзудың алдын алу және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында өткізілді.