Алматы қаласы бойынша «Халық қатысатын бюджет» жобасына өтінім қабылдау басталады

Алматы қаласы бойынша «Халық қатысатын бюджет» жобасына өтінім қабылдау басталады

 Жетісу ауданының тұрғындары ауданды дамыту бойынша ұсыныстарды 1 қыркүйектен бастап 30 қыркүйекке дейінгі аралықта бере алады. Жобаны Алматының аудан әкімдіктері 2026 жылы жүзеге асыратын болады.

Ұсыныстарды тұрғындардың өздері budget.open-almaty.kz порталы арқылы береді. Ол үшін өтінімді толтыру керек (жобалық ұсыныстың атауын, оның сипаттамасын, нысанның мекен-жайын көрсету), жобалық ұсыныстың эскизін және сметасын қоса беру керек (олар болжалды түрде болуы мүмкін).

Жобаның талаптары:

         ⁃        Бір автор – бір өтінім – бір нысан;

         ⁃        Нысан ортақ пайдалануға арналған орын болуы тиіс;

         ⁃        Әр жобаның құны 294,9 млн теңгеден аспауы тиіс.

Ұсынылатын жобалар:

         ⁃        Ортақ пайдалану орындарында орындықтар, қоқыс жәшіктерін және балалар алаңы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу;

         ⁃        Аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), жөндеу және жарықтандыру;

         ⁃        Жаяу жүргіншілер жолын, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;

         ⁃        Аумақты көгалдандыру;

         ⁃        Ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары және өзге де объектілер).

«Халық қатысатын бюджет» жобасы 8 кезеңнен тұрады: 

1 кезең – өтінімдерді қабылдау. 

2 кезең – сараптамалық кеңестердің бағалауы.

3 кезең – авторлардың ұсыныстарын жетілдіруі.

4 кезең – жетілдірілген ұсыныстарды қарау.

5 кезең – дауыс беру.

6 кезең – қорытындылау.

7 кезең – бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру.

8 кезең – жобалық ұсыныстарды жүзеге асыру.

«Халық қатысатын бюджетке» қатысты кеңеспен қосымша ақпаратты Алматы қаласының аудандық әкімдіктерінен, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдау орталығынан алуға болады. Байланыс телефоны: 224 39 29 (ішкі нөмір 203).