Мемлекеттік қызметші күні

Мемлекеттік қызметші күні

23 маусым Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу аясында Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметке алғаш кірген қызметшілердің ант қабылдау рәсімі өтті.

Антты қоғамдық даму бөлімінің бас маманы Затыбекова Ақтолқын Еркінбекқызы мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Анарбаева Аружан Муталқызы қабылдады.

Аудан әкімі Ләззат Жылқыбаева мемлекеттік қызметке алғаш кірген қызметшілерді сынақ мерзімінің сәтті өтуімен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі антын қабылдауымен құттықтады.

Сонымен қатар іс-шара барысында мемлекеттік қызметтің ардагері Мұрынова Жаннат Шарапханқызы Алматы қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Өз қызметінде жоғары кәсібилік, адалдық мен жауапкершілік танытқан аудандық әкімдік мемлекеттік қызметшілеріне аудан әкімінің алғыс хаттары табысталды.

Жиын соңында мерекелік іс-шараға қатысқаЖетісу ауданы бойынша АСК төрайымы Мұрынова Жаннат Шарапханқызы мен «Мемлекеттік, банктік мекемелер және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Алматы қ. филиалының төрайымы Айнақұлова Данагүл Мұхаметкерімқызы мемлекеттік қызметшілерге жылы лебіздері мен тілектерін білдірді.