«Таза аула – таза қала/аудан»

«Таза аула – таза қала/аудан»

       «Таза Қазақстан» науқаны аясында ауданымызда «Таза аула – таза қала/аудан» байқауы өтті. Бүгін ауданда өз ісіне адалдық танытып, жоғары кәсібилік көрсеткен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.

        Байқау коммуналдық қызметкерлердің еңбегінің беделін арттыру, күнделікті қаламыздың көркеюі, тазалығы мен көгалдандырылуына үлес қосып жүрген үздік мамандарды ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды.

    Байқау жеңімпаздары:
1 орын – Ишмухаметова Аклима Уразовна, «Виса-Трейд» ЖШС
2 орын – Арзиев Азизжан Мажитович, «Сапа и K» ЖШС
3 орын – Ажигалиева Нурайна Бахытовна, «АБС-ЛДстрой» ЖШС

        Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық коммуналдық қызметкерлерге жанқиярлық еңбектері үшін алғысымызды білдіреміз!