Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді бастау туралы «Алматы қаласының жер қатынастары басқармасы» КММ
«Алматы қаласының жер қатынастары басқармасы» КММ (бұдан әрі – Басқарма) «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес 2024 жылғы 01 маусым мен 1 шілде аралығында басқарманың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланғанын хабарлайды:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талданатын саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар болған жағдайда, 2024 жылғы 20 маусымға дейін ақпаратты электрондық поштаға жіберуді сұраймыз uzoalmata@mail.ru, WhatsApp-+77029091544 № 807 кабинет, мекен-жайы: 050040, Алматы қ., Абай даңғылы, 90.
Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады. Құпиялылық пен анонимділікке кепілдік беріледі.
Сұрақтар туындаған жағдайда +77029091544 телефондары арқылы хабарласуға болады.