Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталуы туралы
Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталуы туралы
Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы КММ (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабына сәйкес 2026 жылғы 01 шілде мен 31 шілде аралығында Басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды.
Сонымен қатар, Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының «Қала жер орталығы» КМК-да (бұдан әрі – Кәсіпорын) 2026 жылғы 01 шілде мен 31 шілде аралығында Кәсіпорын қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілетінін хабарлаймыз: - ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талданатын саланы жетілдіру жөніндегі ұсыныстар болған жағдайда, ақпаратты uzoalmaty@almaty.gov.kz электрондық поштасына жолдауларыңызды сұраймыз.
Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады. Құпиялылық пен жасырындыққа кепілдік беріледі.
Сұрақтар туындаған жағдайда, 229-21-55 телефоны арқылы хабарласуға болады