
Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының қызметкерлері «Тазару күні» жалпықалалық сенбілікке шықты.
«Наурызнама» мерекелік онкүндігі аясында Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының ұжымы таң ертеңнен бастап ауқымды жалпықалалық сенбілікке қатысты.
Ұжым күшімен Наурызбай ауданындағы Ж. Жиембаев атындағы Өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының жанындағы скверде жас көшеттер отырғызылып, аумақты тазарту жұмыстары жүргізілді.