Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 22 қазандағы № 4/675-1297 қаулысы   Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2025 жылғы 22 қазандағы № 4/675-1297 қаулысы

 

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін

алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе

өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, «Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 34.1-34/1222-И хатының негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Хмельницкий көшесін «Қайрат» шағын ауданынан Талғар тас жолына дейін ұзарту үшін Алматы қаласы, Медеу және Түрксіб аудандарында орналасқан 7 (жеті) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті осы қаулының қосымшасына сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін болып белгіленсін.
  3. Меншік иелері жүгінетін орын Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 155, 6 қабат, 602 кеңсе болып белгіленсін.
  4. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылдаған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  5. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының «Қала жер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен меншік иелерін хабардар етсін.
  6. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иелеріне жер учаскесінің өтемақысын төлеуді қамтамасыз етсін;

2) жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскелерін «Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де  қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік етенін орынбасарына жүктелсін.

 

Алматы қаласының әкімі                                                              Д. Сатыбалды

 

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2025 жылғы 22 қазандағы

№ № 4/675-1297 қаулысына қосымша

 

 

Мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жататын жер учаскелерінің тізбесі

Р/с №

Жер учаскесінің меншік иесінің (жер пайдаланушының) тегі, аты-жөні  (атауы)

Кадастрлық нөмірі

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің ауданы, га

1

«Астана Мұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20-315-062-247

Құлжа тас жолы, 58/4 учаске

0,1603

2

Сафронов Александр Иванович

20-317-106-044

Д.А.Қонаев атындағы өндірістік кооператив, 1894

3,1983 иеліктен шығарылатын ауданы-1,0979

3

«Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

20-317-105-544

«Қайрат» шағын ауданы, 297/89 учаске

жалпы-6,6438

иеліктен шығарылатын ауданы-2,9496

4

«Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

20-317-105-545

«Қайрат» шағын ауданы, 297/98 учаске

жалпы-17,4830 иеліктен шығарылатын ауданы-0,0205

5

«Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

20-317-105-548

«Қайрат» шағын ауданы, 297/90 учаске

жалпы-1,0965 иеліктен шығарылатын ауданы- 0,0099

6

«Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

20-315-062-200

Құлжа тас жолы, 58/5 учаске

жалпы-10,2308 иеліктен шығарылатын ауданы-0,5108

7

«Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

20-315-061-270

Халиуллин көшесі, 196/10 учаске

0,0585

           

 

Дата публикации
23 октября 2025