Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 17 шілдедегі №3/405-1077 қаулысы Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 

2026 жылғы 17 шілдедегі №3/405-1077 қаулысы




Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін

алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе

өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, «Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 12 шілдедегі № 34.1-34/1158-и хаты негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Тілендиев көшесін ұзарту үшін, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Рысқұлов даңғылынан қала шекарасына дейін орналасқан 10 (он) жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты, жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті осы қаулының қосымшасына сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін болып белгіленсін.
  3. Меншік иелері жүгінетін орын Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 155, 6 қабат, 602 кеңсе болып белгіленсін.
  4. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылдаған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  5. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының «Қала жер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен меншік иелерін хабардар етсін.
  6. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте жер учаскелерінің меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;

2) жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскелерін «Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де  қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

 

Алматы қаласының әкімі                                                              Д. Сатыбалды

 

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2026 жылғы 17 шілдедегі

№ 3/405-1077 қаулысына қосымша

 

Мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жататын жер учаскелерінің тізбесі

 

 

Р/с№

Жер учаскесі меншік иесінің (жер пайдаланушының) тегі, аты-жөні (атауы)

Кадастрлық нөмірі

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің ауданы, га

1.       

Жубаназарова Гулшат Кунанбаевна

 

20-321-004-059

«Өжет» шағын ауданы, Шалкөде көшесі, 44

жалпы - 0,0746 үлесі - 0,0373

2.       

 

 

Нургазиев Болат Есетович

20-321-004-059

«Өжет» шағын ауданы, Шалкөде көшесі, 44

жалпы - 0,0746 үлесі - 0,0373

3.       

Нусупова Раушан Кажиахметовна, Нусупова Газиза Кожиахметовна

 

20-321-004-066

«Өжет» шағын ауданы, Красноармейская көшесі, 24

жалпы - 0,1854 иеліктен шығарылатын ауданы - 0,1195

4.       

Камаева Надирям Уйгуровна, Кулиева Наргиза Алимжановна, Асмитуллаева Мадина Алимжановна, Асмитуллаев Алмас Алимжанович

 

20-321-004-221

«Өжет» шағын ауданы, Жанайдар Сәдуақасов көшесі, 111А

жалпы - 0,1326 үлесі - 0,0184 үлесі - 0,0191 үлесі - 0,0191 үлесі - 0,0191

5.       

Кулиев Изятулла Асмитуллаевич, Кулиева Шамшинур Асмитуллаевна, Кулиев Малик Асмитуллаевич, Сужикова Махинур Асматуллаевна, Абдреемова Сахинур Асмитуллаевна

 

20-321-004-221

«Өжет» шағын ауданы, Жанайдар Сәдуақасов көшесі, 111А

жалпы - 0,1326 үлесі - 0,0114 үлесі - 0,0114 үлесі - 0,0114 үлесі - 0,0114 үлесі - 0,0113

6.       

Талканбаев Канат Айшабекович

20-321-004-362

«Өжет» шағын ауданы, Хасен Оралтай көшесі, 214

 

0,0748

7.       

Керсаева Тлеугайша Егеубаевна

20-321-020-1628

«Болашақ» шағын ауданы, 114/2

 

жалпы - 0,1400 үлесі - 0,1000

8.       

Воропаева Татьяна Александровна

20-321-020-1628

«Болашақ» шағын ауданы, 114/2

 

жалпы - 0,1400 үлесі - 0,0400

9.       

Камашев Нурболат Муханбетович

20-321-020-1660

«Птицевод» бағбандық серіктестігі тұтыну кооперативі, Центральная көшесі, 25

 

0,0600

10.   

Касымбеков Орынша

20-321-020-1661

«Птицевод» бағбандық серіктестігі тұтыну кооперативі, Центральная көшесі, 29

 

0,0600

 

_________________________________

 

Дата публикации
20 июля 2026