2025 жылы «Еңбек жолы» конкурсын
өткізу туралы хабарлама
Жастарды еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау және арттыру мақсатында 2025 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек жолы» конкурсын өткізеді. Оған барлық саладағы кәсіпорындар қызметкерлері қатыса алады (салаға қарамастан).
Конкурс келесі номинациялар бойынша өңірлік және республикалық деңгейде өткізіледі:
«Үздік еңбек династиясы» номинациясында ең ұзақ еңбек өтілі бар, ең көп марапаттарға ие ең көп әулет таңдалады. Еңбек әулеті қазіргі уақытта еңбек қызметін атқарып, осы кәсіпорында кемінде 20 жыл жиынтық жұмыс өтілі бар бір ұйымның жұмыскерлер тобын, бір отбасының жақын туыстарының екі және одан да көп ұрпағын (ерлі-зайыптылардың біреуі немесе екеуі де балаларымен немесе немерелерімен бірге) білдіруге тиіс. Еңбек әулетінің басшысы – еңбек қызметін ең алғаш бастаған тұлға болып танылады.
Еңбек әулеті қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастардың кәсіби бағдарлануына жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс.
«Үздік жас өндіріс қызметкері» номинациясында 5 жылдан аспайтын жұмыс өтілі бар өндірістің ең белсенді және еңбекқор қызметкері таңдалады. «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясында кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады.
Конкурс 2 кезеңде өткізіледі:
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылуы тиіс:
Мүмкін болған жағдайда (құжаттардың көшірмелері):
Конкурсқа қатысу құжаттары мемлекеттік немесе орыс тілдерінде Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына келесі мекен-жай бойынша тапсырылады: Достық даңғылы, 85, каб.407.
Сұрақтар бойынша телефон: 338-30-14.