«Қазақ батырларының ерлігі мен ар-намыс дәстүрлері – Қазақстанның жастарын әскери-патриоттық тәрбиелеу негізгі ретінде» тақырып бойынша дөңгелек үстел өткізілді

«Қазақ батырларының ерлігі мен ар-намыс дәстүрлері – Қазақстанның жастарын әскери-патриоттық тәрбиелеу негізгі ретінде» тақырып бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Ағымдағы жылдың 19 сәуірінде Әлеуметтік қызмет көрсету үйінің  ғимаратында Алматы қалалық Ардагерлер кеңесі Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Қазақстан Республикасы ғылым және жоғарғы білім философия, саясаттану және дінтану иниститутымен бірлесе отырып «Қазақ батырларының ерлігі мен ар-намыс дәстүрлері – Қазақстанның жастарын әскери-патриоттық тәрбиелеу негізгі ретінде» тақырып бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Алматы қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Қ. Бижанов, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Б.Ж. Жаубасов, саяси зерттеулер орталығының жетекші ғылыми қызметкері Д.Д. Ешпанова, Наурызбай адандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Т.Каркенов, саяси зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері              Ә.Б. Кеңесов, Ауған соғысы мен жергілікті әскери қақтығыстардың Ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестіктерінің Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Үйлестіру кеңесінің төрағасы М.М. Абдушкуров, саяси зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері А.Б. Қалдыбай баяндама жасады.

Кездесуге аудандық Ардагерлер Кеңестерінің төрағалары, Алматы қаласы Ардагерлер кеңесінің комиссия төрағалары, мүшелері, еңбек ардагерлері және Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері қатысты.   

9 мамыр Жеңіс күні мереке қарсаңында соғыс және тыл еңбеккерлерін  құттықтау, өсіп келе жатқан  ұрпақты әскери-патриоттық  тәрбиелеу сұрақтары көтерілді.