Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін берілетін гранттардың алғашқы өтініштер легі шамамен 2023 жылдың 20 ақпаннан қабылданады.
Тіркелген жұмыссыздар немесе мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылға дейінгі жеке кәсіпкерлер, немесе бір реттік жиынтық төлемді төлеген халықтың әлеуметтік осал топтарына гранттар беріледі.
Үміткер келесі әлеуметтік санаттардың біріне жатуы тиіс:
Гранттар жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде 400 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде беріледі.
(2023 жылы грант 1 380 000 теңгені құрайды)№
Гранттар бір рет беріледі және нысаналы мақсаты бойынша мынадай мақсаттар үшін: қажетті еңбек құралдарын, мүкәммалды, технологиялық жабдықты, жануарларды, малды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді сатып алу, коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерінің, сондай-ақ сауда объектілерінің, оның ішінде сауда объектілерінің аумағында бастапқы бизнесті өткізуге арналған үй-жайларды, оның ішінде сауда объектілерін жалдау ақысын төлеу жалға алуға, пайдалануға, сенімгерлік басқаруға беріледі.
Жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға грант алу үшін үміткер «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталының ішкі жүйесі болып табылатын business.enbek порталында, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау порталында өтінім береді.
Грант алудың міндетті шарттары:
1) «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуды аяқтағаны туралы, алған күннен бастап 3 жыл болып есептелетін сертификаттың болуы;
2) үміткердің порталда белгіленген талаптарға сай нәтижелерінің болуы;
3) комиссияның оң шешімінің болуы.
2023 жылы гранттарға өтінімдер қабылдау легімен жүзеге асырылады.