Қайырымдылық акция

Қайырымдылық акция

Төтенше жағдай кезінде қаламыздың мұқтаж отбасыларын қолдау үшін «April Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 100 азық-түлік себеті (ұн 3 кг, күріш 1 кг, жұмыртқа 30 дана, қант, шұжық) ұсынылды. Аталған көмек
1414 республикалық колл-орталығына және Алматы қаласының Әлеуметтік әл-ауқат басқармасына жүгінген отбасыларға таратылды.

Осындай кезеңде ынтымақтастық пен қайырымдылық акциясына қатысқандары үшін «April Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өкілдері Құнанбаева Дана мен Тойғанбаева Мираға, сондай-ақ ерікті Понуровская Елена Леонидовна мен «Жақсылық акселераторы: Ізгілік Елшісі» және Алматы адалдық алаңы еріктілеріне алғысымызды білдіреміз.

Әрине, мұндай қайырымдылық шаралары мүмкіндігінше жиі өткізілуі тиіс, өйткені олар адамгершілікті дамытуға, өзара көмек пен жанашырлық сезімін тәрбиелеуге ықпал етеді. Әрбір адам қайырымдылық қызметін қайырымдылық ұйымының қатысуымен немесе қатысуынсыз ерікті негізде жеке немесе бірлесіп кедергісіз жүзеге асыра алатынын есте сақтауы тиіс.