«Қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қорғау»

«Қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қорғау»

15.07.2021 ж. «Алматы қаласының Кәсіподақ орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі «Қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел жұмысына Наурызбай аудандық сотының судьясы Оспанова Д.К., мемлекеттік еңбек инспекторы, қызметкерлерді құқықтық қолдауды бақылау бөлімінің бас маманы Дусманбетова С.А., аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Татуласу орталығы» татуластыру орталығының басшысы, «Халықаралық құқық қорғау орталығының» медиаторы Джумабаева А.К., салалық, жергілікті және бастауыш кәсіподақ ұйымдары филиалдарының төрағалары қатысты.

Мемлекеттік еңбек инспекторы Дусманбетова С.А. еңбек құқықтық қатынастарына қатысушылардың Шарт талаптарын сақтау, сондай-ақ даулы мәселелерді екі тараптың мүддесі үшін реттеу үшін өзара жауапкершілік көтеретінін атап өтті.

Еңбек заңнамасының негізгі талаптары, жалақы төлемеу, қызметкер үшін жұмысынан босатылу сияқты дауларды реттеу рәсімі айтылды.

Қатысушылардың назарына Наурызбай аудандық сотында,Татуластыру рәсімдерінің тәжірибесі, «Устаз» қалалық жергілікті кәсіподағындағы заң қызметінің жұмысы, «Татуласу орталығы» татуластыру орталығының жұмысы туралы ақпарат жеткізілді.