Аутизм мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

Аутизм мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

      2021 жылғы 12 мамырда Әлеуметтік әл-ауқат Басқармасында аутизммен ауыратын балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті. Тең мүмкіндіктер бөлімінің басшысы Ж.Кужамбердиева, Еңбек комитеті департаменті басшысының орынбасары Г. Құсманова, ҚДСБ ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Ж. Кенжалина, психикалық денсаулық орталығының балалар бөлімшесінің меңгерушісі О. Александрова, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО профессоры және балалар психиатры Қ.Сәдуақасова, сондай-ақ аутизмі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналардың қатысуымен болды. Кеңес барысында аутизмі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналардан аутизмі бар балаларға арналған оңалту орталығын ашуға, аутизмі бар балаларды оңалтумен айналысатын мамандардың біліктілігіне, инклюзивті білім беруге, аутизмі бар балаларды шаңғымен бейімдеп сырғанауға және т. б. қатысты бірқатар сұрақтар қарастырылды.

      Мемлекеттік органдардың өкілдері барлық сұрақтарға тиісті түсініктемелер берді. Кеңес соңында аутизммен ауыратын балаларды тәрбиелеп отырған барлық ата-аналардың пікірлері мен тілектері ескерілді.