Адам саудасы: тәуекелдер және алдын алу

Адам саудасы: тәуекелдер және алдын алу

2021 жылғы 29 сәуірде "Родник" әйелдер мен балаларға арналған әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығы" қоғамдық қоры ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясымен бірлесіп, Winrok International-дың қолдауымен "қауіпсіз және жауапты көші-қон" жобасы шеңберінде және Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының қолдауымен  Алматы қаласының денсаулық сақтау және білім беру жүйесінің қызметкерлері үшін тренинг өткізді.
Алматы қаласының денсаулық сақтау және білім беру жүйелерінің 67 қызметкерлері адам саудасы, түрлері, сәйкестендіру процесі туралы жалпы түсінік алды, оқушыларды, студенттерді, оқытушыларды, сондай-ақ пациенттер мен медициналық мекемелердің қызметкерлерін ақпараттандыру нысандарымен танысты. Сонымен қатар, тренингке қатысушылар адам саудасы саласындағы мифтер мен стереотиптерді талқылады, сондай-ақ адам саудасының алдын алу және көмек көрсету саласындағы ұйымдар мен мекемелердің өзара іс-қимыл қағидаттарымен танысты. Бұл тақырып қатысушыларды қызықтырды, белсенділік танытты және талқылауға қатысты. Тренинг жаңалықтар сюжеттерімен, әлеуметтік роликтермен сүйемелденді, қатысушылар берілген тапсырмаларды шешіп, өз пікірлерімен бөлісті.