Әуезов ауданының ПКСК - мен ақпараттық-консультациялық жұмыс жүргізу

Әуезов ауданының ПКСК - мен ақпараттық-консультациялық жұмыс жүргізу

8 сәуір 2021 жылы бөлімнің құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша ПИК-мен кеңестік-ақпараттық жұмыс өткізілді. Аталған шара Әуезов аудандық әлеуметтік әл-ауқат  бөілімінің өкілдері, ПИК-ң мамандарының (ПИК «Жетысу», ПК «Мекен-жай», ПК «Жанна-АБК», ПК «Болат») және үйлерге қатысты сұрақтарға жауап беретін тұрғындардың қатысуымен өткізілді.

Өткізілген шараның мақсаты: Әуезов аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімнің құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша тұрғындарды хабардар ету.

Әуезов аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімінің бас мамандары Байтимбетова Л., Хамитова Б., Үсейн А. келесідей сұрақтар бойынша түсіндірме жұмысын өткізді:

  • тұрғын-үй көмегін тағайындау;
  • көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек (7 АЕК, 3,4 АЕК, 20 АЕК, 12 АЕК), мүгедектерге санаторлы-курорттық емдеуге жолдама беру сұрақтары.

Негізгі сұрақтар: осы аталған мемлекеттік қызметтерді алуға кімнің құқықтары бар; қызметтерді алу үшін қажетті құжаттар; өтініштерді қабылдау қайда жүргізіледі; әлеуметтік көмектің түрлері және басқа да сұрақтар.

Аталған шараға қатысқандар барлық сұрақтарына толық ақпарат ала алды, Әуезов аудандық ӘӘБ-ң мамандары даярлаған мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттық материалдармен қамтамасыз етілді.