Алғыс айту - парызым

Алғыс айту - парызым

    Талайлы тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған Қазақстанда адамның адамға құрмет көрсететін 1 наурыз «Алғыс айту күнін» «Шапағат» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ атап өтті. Алғыс айту күні сан сынақтан бірге өткен халықтың бірлігін арттырып, қандай кездерде де өзара сенім мен құрметтің орныға түсуіне негіз болған бейбітшілік пен келісім саясатын айшықтайтын айтулы мереке. Оның дәлелі, бүгін біздің Орталығымызға Алматы қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы, Республикалық Қазақстан халқы Ассамблеясының, Орталықтың бақылау кеңесінің мүшесі - Ниязова Нурия Исмагиловна бастаған Қазақстан халқы Ассамблеясының бір топ төрағалары келіп, «Алғыс айту - парызым» атты мерекелік іс-шарамызға қатысып,  Орталыққа түрлі- түсті теледидар, қызмет алушыларға құрғақ бассейн, бір отбасында бірнеше мүгедектігі бар балалрды асырап отырған жалғызбасты аналарға азық – түлік себетін, мүгедектігі бар ата-аналарға тонометр, глюкометр, есту аппаратын табыс етті. Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары:Almaty tv телеарнасы мен Вечерняя Алматы газеті шақырылып, сұхбат берілді. Елбасы жариялаған бұл мереке тарихи кезеңдердің әр парағын бір күнге тұтастырғандай. Түбіне үңілсеңіз тереңде жатыр. «Ендігі мақсат – сол татулықты жоғалтпау», - дейді ассамблея мүшелері. Қазақтың пейілі тарылмаса, ал, өзге ұлт өкілдері алғыс айтудан жаңылмаса, ортақ үйдің берекесі болары  анық.