Алматы қаласының атаулы әлеуметтік көмек алушылары ақысыз телевизиялық абоненттік жалғамалармен қамтамасыз етіледі

Алматы қаласының атаулы әлеуметтік көмек алушылары ақысыз телевизиялық абоненттік жалғамалармен қамтамасыз етіледі

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің цифрлық эфирлік телекөрсетілімге кезең-кезеңімен көшу жөніндегі бұйрығына сәйкес 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап Алматы қаласында цифрлық эфирлік теле көшу жүзеге асырылатын болады.

Цифрлық эфирлік телекөрсетілім жоғары сапалы кескін мен дыбысты алуға мүмкіндік береді, сонымен қатар арналар мен бағдарламалардың үлкен таңдауын ұсынады. Ескі үлгідегі  сигнал сыртқы әсерлерге өте осал, мысалы, ауа-райының қолайсыздығына байланысты және қатты желде жоғалып кетуі мүмкін. Цифрлық эфирлік телекөрсетілім жоғары қорғаныс деңгейіне және сигнал сапасына ие, ол ұзақ қашықтықта қабылданады. Енді аналогтық хабар тарату бір таратқыш – бір арна принцип бойынша жұмыс істейді, ал цифрлық телекөрсетілімде көптеген арналарды таратуға мүмкіндік береді.

"Телерадио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті (бұдан әрі - АӘК) алушылар болып табылатын жеке тұлғаларды телевизиялық абоненттік жалғамалармен (ҚР Үкіметінің 8.11.2016 жылғы № 677 қаулысы) қамтамасыз ету қағидалары бекітілді, оған сәйкес АӘК алушылар өтеусіз негізде телевизиялық абоненттік жалғамалармен (бұдан әрі – жалғама) қамтамасыз етіледі (жеткізу және орнату).

2017 жылдан бастап 2020 жылға дейін Алматы қаласында АӘК алушылардың 451 отбасы өтеусіз негізде телевизиялық абоненттік жалғамалармен қамтамасыз етілді.

2021 жылға АӘК алушыларды 100 жалғамамен қамтамасыз ету жоспарланған.

АӘК алушы жалғамаларды алу үшін тұрғылықты тұратын жері бойынша Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының аудандық бөлімдеріне өтініш және оның АӘК алушы екендігі туралы анықтаманы қоса беруі қажет.

Басқарманың аудандық бөлімдерінің мекенжайлары:

Алатау аудандық бөлімі - Нуркент 5/18 ы-а, тел: 393-89-65

Алмалы аудандық бөлімі - Сейфуллина к-сі, 577, тел: 272-86-84

Әуезов аудандық бөлімі - 3 ы-а, 41В, тел: 277-48-83

Бостандық аудандық бөлімі - Жандосова к-сі, 2, тел: 392-24-13

Жетісуй аудандық бөлімі - Макатаева к-сі, 142, тел: 279-54-50

Медеу аудандық бөлімі - Толе би к-сі, 12, тел: 291-06-65

Наурызбай аудандық бөлімі - Шуғыла ы-а, 347 тел: 385-71-48

Турксіб аудандық бөлімі - Рихарда Зорге к-сі, 24, тел: 223-68-05

АӘК алушыларға жатпайтын тұтынушыларды техникалық қолдау үшін 193, сондай-ақ +7 (727) 258-1500 және Whatsapp +7 707 258-1500 қысқа нөміріне қоңырау шалу орталығының жұмысы ұйымдастырылды, онда қоңыраулар демалыссыз және мереке күндері қабылданады. Сондай-ақ қосылу жөніндегі Нұсқаулық сайтта орналастырылған tsetv.kz.

 

Орындаушы: Изимова Индира Анатольевна, отбасылық әл-ауқат бөлімі