«Шыңға Өрлеу» жобасы әлеуметтік клубы қалалық ең үздік әлеуметтік жобалар байқауында І орын алды және 2019 жылдың 1 қарашасында Нұр - Сұлтан қаласындағы Тәуелсіздік сарайында өткен «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» VII республикалық көрмесінде II орын алды.
Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының қолауымен «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубы өз қызметін 2020 жылдың тамыз айында онлайн режимінде бастады. Жобаның мақсаты: аға буындағы өкілдер мен мүгедектерді қоғамдық өмірге тарту, өмірлік тәжірибе берудің үйлесімді процесін қалыптастыру арқылы, аз қамтылған және көп балалы отбасыларда тәрбиеленетін және ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған бастауыш мектеп жасындағы балалар үшін әр түрлі форматтағы өнімді, екі жақты байланыс арқылы білім мен дағдыландыру.
Қызмет атқарады: онлайн режимінде қаланың 5 ауданында (Әуезов, Алатау, Жетісу, Медеу және Наурызбай). Оффлайн режимінде Алатау, Алмалы, Әуезов, Жетісу мен Наурызбай аудандарында. 2021 жылы Түрксіб, Медеу және Бостандық аудандарында клуб бөлімшелерін ашу жоспарлануда.
Клуб бөлімшелерінде 4 кезекші топ құрылды, әр топта 15 тәрбиеленушіден, жалпы саны 60 бала.
Күн сайын 55 зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі кәсіби педагогтар WhatsApp қосымшасы арқылы ойын түрінде бастауыш мектептің негізгі жалпы білім беру пәндері мен қосымша шығармашылық және спорттық сабақтары ұсынылады: тыныс алу жаттығулары, қолөнер, шахмат, хореография, музыка, домбыра және актерлік шеберлік.
Қосымша білім беру 2 аусымда тегін негізінде өтеді. Оқушылардың тізімін қала мектептерінің директорлары ұсынды.
Жүзеге асыру мерзімі – 2021 жылдың қаңтар мен желтоқсан айларының аралығы (254 күн).
Барлығы 2 010 бала оқумен қамтылады.
2021 жылы «Шыңға өрлеу» қоғамдық қорының бюджеті 369 001,0 мың теңгені құрады