
Алматы қаласында 23 тамызда Құрылтай депутаттарын сайлау күні мүгедектігі бар және жүріп-тұруы шектеулі азаматтарға көліктік қолдау көрсетіледі. Бұл туралы Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы хабарлады.
Қозғалысы шектеулі азаматтар үшін Алматы қаласының әкімдігі тарапынан «Инватакси» қызметі көрсетіледі. Аталған қызметті кресло-арбамен жүріп-тұратын және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ көру қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдар пайдалана алады.
Сайлау күні барлығы 170 «Инватакси» автокөлігі жұмылдырылады. Оның ішінде 36-сы арнайы жабдықталған автокөлік және 134-і жеңіл автокөлік.
«Инватакси» қызметіне алдын ала тапсырыс беру үшін төмендегі диспетчерлік қызмет нөмірлеріне хабарласу қажет:
Кресло-арбамен жүріп-тұратын және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдар үшін:
Көру қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдар үшін:
Сонымен қатар, 23 тамызда 20 кезекші автокөлік қызмет көрсететін болады. Кезекші автокөлікке тапсырыс беру үшін 8 700 151 07 01, 338-30-09 телефон нөмірлеріне хабарласуға болады.