Қазақстанда «Адам саудасы - ауыр қылмыс» республикалық ақпараттық науқаны басталады

Қазақстанда «Адам саудасы - ауыр қылмыс» республикалық ақпараттық науқаны басталады

 Адам саудасына қарсы іс - қимыл жөніндегі халықаралық күш-жігерді қолдау мақсатында 2026 жылғы 24-30 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен «Адам саудасы - ауыр қылмыс» республикалық ақпараттық науқаны өтеді.

Науқанның мақсаты - адам саудасының алдын алу, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарды жұмысқа орналасу кезінде, әсіресе шетелде еңбек ету барысында сақтық шараларын сақтауға шақыру.

Науқан аясында еліміздің барлық өңірінде мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары, кездесулер, консультациялар ұйымдастырылып, профилактикалық материалдар таратылады.

Адам саудасы - адам құқықтарын өрескел бұзатын ауыр қылмыс. Сондықтан азаматтарға жұмысқа орналасу туралы ақпаратты мұқият тексеру, күмәнді ұсыныстарға келіспеу және жеке құжаттарын бөгде адамдарға бермеу ұсынылады.

Айта кетейік, жыл сайын 30 шілдеде Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні аталып өтеді.