
Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қалалық ортаның қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпараттық буклет дайындады.
Материал тұрғындардың кедергісіз ортаның маңызы туралы хабардарлығын арттыруға, инфрақұрылым объектілерін қолжетімділік тұрғысынан паспорттау және мониторингілеу механизмдерін түсіндіруге, сондай-ақ азаматтардың барлық санаттары үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдайлар жасау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат беруге бағытталған.
Буклетте қалалық инфрақұрылым объектілерін паспорттау нәтижелері, қолжетімділікке қойылатын негізгі талаптар, объектілерді бейімдеу элементтері, кедергілерді анықтауда қала тұрғындарының рөлі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау бойынша объект иелерінің жауапкершілігі көрсетілген.
Қолжетімді орта құру — әр адамның еркін қозғалуына, қызметтерді алуына және қала өміріне толыққанды қатысуына мүмкіндік беретін маңызды шарт.