2026 жылы «Еңбек жолы» конкурсын өткізу туралы хабарлама

2026 жылы «Еңбек жолы»  конкурсын өткізу туралы хабарлама

        Жастарды еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау және арттыру мақсатында 2026 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек жолы» конкурсын өткізеді. Оған барлық саладағы кәсіпорындар қызметкерлері қатыса алады (салаға қарамастан).

         Конкурс келесі номинациялар бойынша өңірлік және республикалық деңгейде өткізіледі:

  1. «Үздік еңбек династиясы»
  2. «Үздік жас өндіріс қызметкері»
  3. «Үздік жұмыс істейтін жастардың тәлімгері»

         «Үздік еңбек династиясы» номинациясында ең ұзақ еңбек өтілі бар, ең көп марапаттарға ие ең көп әулет таңдалады. Еңбек әулеті қазіргі уақытта еңбек қызметін атқарып, осы кәсіпорында кемінде 20 жыл жиынтық жұмыс өтілі бар бір ұйымның жұмыскерлер тобын, бір отбасының жақын туыстарының екі және одан да көп ұрпағын (ерлі-зайыптылардың біреуі немесе екеуі де балаларымен немесе немерелерімен бірге) білдіруге тиіс. Еңбек жолын бұрын бастаған өкіл еңбек әулетінің басшысы болып танылады. Еңбек династиясының басшысы – еңбек қызметін ең алғаш бастаған тұлға болып танылады.

         Еңбек әулеті қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастардың кәсіби бағдарлануына жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс.

         «Үздік жас өндіріс қызметкері» номинациясында 5 жылдан аспайтын жұмыс өтілі бар өндірістің ең белсенді және еңбекқор қызметкері таңдалады.      

         «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясында кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады.

         Конкурс 2 кезеңде өткізіледі:

  • 1-ші кезең өңірлік деңгейде өткізіледі:
  • Өңірлік деңгейдегі бірінші кезең:
  • 1 шілдеге дейін — жергілікті атқарушы органдар арқылы өтініштер қабылданады
  • 10 тамызға дейін үздік еңбек әулеттері мен республикалық маңызы бар қала қызметкерлері арасында жеңімпаздар анықталады;
  • 2-ші кезең республикалық деңгейде қазан айында өткізіледі, онда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бұрын айқындалған жеңімпаздары арасында қорытындылар шығарылады және жеңімпаздар марапатталады.
  • Республикалық деңгейдегі екінші кезең қазан айында өткізіледі, онда өңірлерден, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан таңдалған жеңімпаздар марапатталады.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылуы тиіс:

  • номинацияны көрсете отырып, конкурска қатысу туралы еркін түрде жазылған өтініш;
  • жеке куәліктің көшірмесі;
  • номинация тақырыбы бойынша 1-3 минуттан аспайтын бейнеролик (жұмыс орны мен дағдыларын көрсете отырып, қаласаңыз);
  • қатысушы туралы 1-3 слайдтан тұратын компьютерлік презентация (Microsoft PowerPoint форматында) (жұмыс, отбасы, қызығушылықтар, хобби және т.б.);
  • еңбек әулетінің әрбір өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың жұмыс беруші куәландырған көшірмесі / жұмыс орнынан анықтама;
  • Жұмыс берушінің немесе кәсіподақтың ұсынған ұсыным хаттары.

Мүмкін болған жағдайда (құжаттардың көшірмелері):

  • мемлекеттік немесе ведомстволық марапаттардың, грамоталар мен алғыс хаттардың көшірмелері
  • кәсіби біліктілікті арттыру туралы сертификаттар (болған жағдайда).

Конкурсқа қатысу құжаттары мемлекеттік немесе орыс тілдерінде Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына келесі мекен-жай бойынша тапсырылады: Достық даңғылы, 85, каб.407.

Сұрақтар бойынша телефон: 338-30-14.