
Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұза отырып, Оңтүстік Корея аумағында еңбек қызметін жүзеге асырған Қазақстан Республикасының азаматтары айыппұл санкцияларынсыз және қайта кіруге тыйым салынбай, ел аумағынан ерікті түрде шыға алады.
Аталған мүмкіндікті 2026 жылғы ақпан айының соңына дейін қоса алғанда пайдалануға болады. Бағдарлама 2025 жылғы желтоқсан айынан бастап қолданыста.
Естеріңізге сала кетеміз, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңсыз көші-қон деңгейін төмендету және Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Корея Республикасының Әділет министрлігімен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде ерікті түрде шығу бағдарламасының мерзімін ұзарту туралы келісімге қол жеткізді.
Аталған шаралар құқықтық салдарды жеңілдетуге және өздерінің көші-қон мәртебесін реттеуге дайын азаматтарды қолдауға бағытталған.
Бағдарлама келесі тұлғаларға қолданылмайды:
• қылмыстық құқық бұзушылық жасағандар;
• мәжбүрлі түрде елден шығаруға жататындар;
• 2025 жылғы 1 желтоқсаннан кейін заңсыз мәртебеге өткен шетел азаматтары.
Бағдарламаға қатысу үшін:
• жарамды паспорт;
• ерікті түрде шығу туралы өтініш;
• әуе билеті қажет.
Алдын ала хабарлама ұшып кететін күнге дейін 15 күннен 3 күн аралығында Корея Республикасының иммиграциялық кеңселері арқылы беріледі.
Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Қазақстан Республикасы азаматтарына заңсыз көші-қон, елден шығару, айыппұлдар, құқықтардың шектелуі және еңбек қанауына ұшырау қаупін болдырмау мақсатында шетелде еңбек қызметін тек заңды негізде жүзеге асыруды қатаң түрде ұсынады.
Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде еңбек қызметін жүзеге асыратын азаматтарды ақпараттандыру және олардың құқықтарын қорғау бойынша жұмысты жалғастырады.