
Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана арасында бөлу қағидаларының 19-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №274 бұйрығымен бектілген, халықның көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган 2026 жылға шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны 1850 бірлік мөлшерінде белгіледі.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған өтініштер Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №279 бұйрығымен бекітілген, жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды беру немесе ұзарту, сондай-ақ ішкі корпоративтік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарына сәйкес қабылданады.