Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 2025 жылғы 11 қараша күні сағат 15:00-де Алматы қаласында «Қандас» мәртебесін беру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді.

Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 2025 жылғы 11 қараша күні сағат 15:00-де Алматы қаласында «Қандас» мәртебесін беру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді.

Күн тәртібінде бір мәселе қаралды:

2013 жылғы 22 шілдедегі №329-ө-м бұйрығымен бекітілген Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларының (бұдан әрі – Қағида) 9-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес, қандас мәртебесін беру туралы өтініш білдірген тұлғалардың құжаттары қаралды.

Атап айтқанда, қандас мәртебесін беру мәселесі өтініш берушінің:

– тұрғын үй мәселесін өз бетінше шешу мүмкіндігі бар;

– Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын отбасы мүшелерімен немесе жақын туыстарымен қауышу мүмкіндігі болған жағдайда;

– сондай-ақ тұрғын үй мәселесін өз бетінше шешу мүмкіндігі бар жұмыс берушілердің шақыруы бойынша бос жұмыс орнына орналасу үшін не Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында білім алатын этникалық қазақтарға қатысты қаралды.