2025 жылғы 10 қазанда Алматы қаласында «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері және үздік әлеуметтік жоба» республикалық конкурсының өңірлік кезеңіне қатысушыларды іріктеу жөніндегі Комиссия отырысы өтті.
Отырыста конкурстың түрлі номинациялары бойынша ұсынылған 31 үміткердің өтінімдері қаралды. Ұсынылған материалдарды зерделеу және онлайн-дауыс беру нәтижелері бойынша өңірлік кезеңнің жеңімпаздары келесі номинациялар бойынша анықталды:
Өңірлік кезең жеңімпаздары:
Номинация: «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының үздік әлеуметтік қызметкері»
🏆 Зульфия Альдибекқызы Умарова
«Жан-Сая» дағдарыс орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Номинация: «Үйде күтім көрсету ұйымының үздік әлеуметтік қызметкері»
🏆 Гүлнұр Елеусізқызы Нұрмағамбетова
«Аяла» әлеуметтік қызметтер орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Номинация: «Үздік мемлекеттік әлеуметтік инспектор»
🏆 Карлыгаш Көпшілбайқызы Бимурзаева
ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті
Номинация: «Үздік медициналық-әлеуметтік сараптама қызметкері»
🏆 Шынар Нұрсұлтанқызы Құдайбергенова
ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті
Номинация: «Үздік әлеуметтік педагог»
🏆 Раушан Жетесқызы Домақбай
«Аяла» әлеуметтік қызметтер орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Номинация: «Еңбек мобильділігі орталығының (мансап орталығы) үздік қызметкері»
🏆 Күлзинат Рахманбердіқызы Меирбекова
Алматы қаласының Еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Номинация: «Үздік әлеуметтік жоба»
🏆 «Мейірім» мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған оңалту орталығы» жекеменшік қоры
Өңірлік кезеңнің барлық жеңімпаздары Конкурстың республикалық кезеңіне, сондай-ақ 2025 жылғы 23 қазанда Астана қаласында өтетін әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсіміне қатысу үшін жолданады.
Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, республикалық кезеңде сәттілік тілейді!