
Алматы қаласында әлеуметтік осал топтар саны 366,6 мың адамды құрайды, оның ішінде 59 339 - мүгедектігі бар адамдар, 259 614 –-зейнеткерлер және 35 568 - көпбалалы отбасылар 2025 жылдың тоғыз айында 29 176 мүгедектігі бар адам 9,4 млрд теңге сомаға оңалту құралдары және қызметтерімен қамтамасыз етілді. «Тәуелсіз өмір мектебі» жобасы аясында «Ақ Бастау» санаторийінде жеті күндік курстардан 283 қатысушы өтті, ал «Әлеуметтік интеграция орталығы» жобасы аясында 153 адам қызмет алды.
«Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ базасында үш бөлімше (екеуі Бостандық ауданында және біреуі Медеу ауданында) жұмыс істейді, күн сайын 569 адамды қамтиды. Орталықта 24 153 адам тіркелген, 333,1 мыңнан астам әлеуметтік қызметтер (сауықтыру, білім беру, мәдени) көрсетілді.
Ерте араласу бойынша әлеуметтік қызметтер орталығы құрылды, қаржыландыру көлемі 490,3 млн теңге, бұл орталық ерте жастағы балалар арасындағы мүгедектік деңгейін төмендетуге бағытталған. Есепті кезеңде үш жасқа дейінгі балаларға 1 971 қызмет көрсетілді, мамандардың бақылауында тұрған 93 баланың деректері «Тұмар Бала» порталына енгізілді.
2025 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс істеп тұрған «Отбасыны қолдау орталығында» 956 адам тіркелген. 2 847 адамға кеңес беру және ресурстық көмек көрсетілді, оның ішінде 439 – психологиялық, 242 – заңгерлік, және 118 – көшпелі мобильді консультациялар аясында жүгінді.
Есепті кезеңде жұмыспен қамтылған азаматтардың жалпы саны 68 446 адамды құрады, оның ішінде бос жұмыс орындарына - 11 377 адам, субсидияланатын жұмыс орындарына - 10 735 адам, «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» жобасы аясында - 46 334 адам жұмыспен қамтылды.
Stat.gov деректері бойынша өңірдегі орташа жалақы деңгейі 416 105 теңгені құрады. Stat.gov ресми деректері бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,4 пайызды құрады.
Жұмыспен қамтылған жастардың жалпы саны 30 201 адамды құрады, оның ішінде бос жұмыс орындарына - 4 871 адам, субсидияланатын жұмыс орындарына – 3 544 адам, «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» жобасы аясында – 21 786 адам.
Stat.gov деректері бойынша жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,1 пайызды, ал өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар саны - 983 адамды құрады.