Ел халқын әлеуметтік қорғау жүйесі көп деңгейлі болып табылады және әлеуметтік мәртебесі болған кезде — отбасының жұмыспен қамтылуына және табысына қарамастан республикалық бюджеттен базалық жәрдемақылар мен төлемдер беруді көздейді.
Республикалық деңгейде кепілдендірілген төлемдер:
2025 жылы Алматы қаласында республикалық бюджеттен кепілдендірілген әлеуметтік төлемдерді 647 мыңнан астам адам алады, оның ішінде 39 495 көпбалалы (33 051 көпбалалы отбасы және 6 444 көпбалалы ана).
Республикалық деңгейде кепілдендірілген төлемдер толық көлемде сақталады.
Жергілікті деңгейде қосымша қолдау
Әрбір өңірде бюджет мүмкіндіктеріне және жергілікті мәслихаттардың шешімдеріне сүйене отырып, азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсетіледі. Алматыда әлеуметтік қолдаудың 19 түрі (ай сайынғы, тоқсандық, жартыжылдық және біржолғы төлемдер) іске асырылуда. 2025 жылдың басынан бастап бұл шараларды 186 мың адам пайдаланды, жалпы сома 4,1 млрд теңгені құрады.
Әлеуметтік көмекті әділ бөлуге категориялық тәсілден мұқтаждық критерийлері бойынша бағалауға көшу есебінен қол жеткізілетін болады. Бұл қағида отбасының нақты жағдайын ескеруге және қолдауды қажет жерге бағыттауға мүмкіндік береді. Жергілікті деңгейдегі қосымша көмек отбасының мұқтаждығы мен әл-ауқатын бағалауға сәйкес көрсетіледі деп жоспарлануда.