Алматы қаласын Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 2026 жылға шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота алуға өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы жұмыс берушілерге хабарлайды.
Өтінімдер Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу қағидаларына сәйкес 2025 жылғы 1 қазанға дейін қабылданады.