Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, қызметтік этика және "Адал азамат" идеалдары мәселелері бойынша кездесу өткізілді
2025 жылғы 5 маусымда Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Демеу» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында мемлекеттік қызметшілер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты — халықты әлеуметтік қорғау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын және қызметтік әдеп қағидаларын түсіндіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мәдениетті қалыптастыру.
Кездесу барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының салдарын көрсетіп, ақпараттық және бейнемазмұндар ұсынылды. Әрбір қызметкердің заң талаптарын, адалдық қағидаттарын және жоғары кәсіби этиканы сақтау жөніндегі жеке жауапкершілігіне ерекше назар аударылды. Жиынға шамамен 100 мемлекеттік қызметші мен бағынысты ұйымдардың қызметкерлері қатысты.
Спикерлердің сөз сөйлеулері
Бірінші сөз сөйлеген спикер — Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаменті басқармасының лекторы Агжигитов Әділжан Дүйсенгалиевич. Ол Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негізгі қағидаларын жан-жақты түсіндіріп, мемлекеттік қызметшілердің жеке жауапкершілігіне және қолданыстағы заңнама мен қызметтік әдеп нормаларын сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударды.
Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының салдарын көрнекі түрде көрсету мақсатында нақты мысалдар мен жауапкершілікке тарту тәжірибесін бейнелейтін бейнематериалдар ұсынылды.
Екінші сөз сөйлеген спикер — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Шынар Алимханова. Өз сөзінде ол мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың сақталуы, қызметтік әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне тоқталып, осы бағыттағы негізгі талаптар мен міндеттерді баяндады.
Келесі тақырыптарға ерекше назар аударылды:
Шынар Алимханова мемлекеттік аппараттың оң имиджін қалыптастырудың, ашықтық, есептілік және адалдық қағидаттарын нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, еңбек ұжымдарында алдын алу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізудің қажеттілігіне тоқталды. Кездесу соңында ол қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға, соның ішінде HR-кадр мамандарын сертификаттау мәселесіне қатысты сұрақтарға да жауап берді.
Үшінші сөз сөйлеген спикер — Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаменті басқармасының аға офицері Алма Амангелдиева. Оның баяндамасының тақырыбы: «Заң мен тәртіп – әділеттіліктің басты шарты».
Өз сөзінде ол сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық сананы арттыру және мемлекеттік қызметте әділеттілік пен заңдылық құндылықтарын нығайту мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар, әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігі мен күнделікті жұмыста қызметтік әдеп нормаларын сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударды.
Спикерлердің сөз сөйлеулерін қорытындылай келе, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының басшысы Нұржан Узбеханов сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында қатысушыларды Агенттік Төрағасы мен Мәдениет және ақпарат министрінің бірлескен бұйрығымен бекітілген, 2025–2027 жылдарға арналған мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін «Адал азамат» идеалдарына сай ілгерілету жөніндегі Жол картасымен таныстырды.
Нұржан Узбехановтың баяндамасы алдыңғы айтылған мәселелерді толықтырып, мемлекеттік органдарда қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастырудың, кемсітушілікке жол бермеудің, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғаудың маңыздылығына ерекше назар аудартты.