Департаментте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды

Департаментте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды

Әдеп жөніндегі уәкіл Мамай Ахетовтың төрағалығымен Алматы қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен жиын өтті. Жиынның тақырыбы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен олардың алдын алу шараларын талқылау болды.

Отырыстың күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелерін, қағидаттары мен талаптарын түсіндіру; мемлекеттік органдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талқылау және олардың алдын алу және жолын кесу шараларын қабылдау; Департамент қызметкерлерінің мемлекеттік қызметке қабылдау кезіндегі шектеулерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын сақтауы; Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері анықталған кезде қажетті шараларды қабылдау.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және ашық, жауапты мемлекеттік қызметті дамыту басты басымдықтар болып қала береді.