Қалалық «Алматы Жастары 3.0» жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы шеңберінде өтініштер мен құжаттарды қайта қабылдау туралы хабарландыру

Қалалық «Алматы Жастары 3.0» жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы шеңберінде өтініштер мен құжаттарды қайта қабылдау туралы хабарландыру

Алматы қаласының әкімдігі тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдетілген тұрғын заемдарын алуға Алматы қаласының 35 жасқа дейінгі (қоса алғанда) жастарынан 2020 жылғы «1» қыркүйектен бастап «15» қыркүйектен аралығында Қалалық «Алматы Жастары 3.0» жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау басталуы жөнінде хабарлайды.

Бағдарламаға қатысу үшін өтінішті www.almaty-zhastary.kz сайты арқылы тапсыра аласыздар. Авторизация электрондық цифрлік қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүргізіледі, оны ХҚКО-дан алуға болады.

Бұл ретте денсаулық сақтау және білім беру салалары (санаттары) бойынша резервке енгізілген тізімдердің болуын ескере отырып, өтініштер мен құжаттарды қабылдау келесі салалар (санаттар) бойынша жүргізіледі: мәдениет, спорт, ЖОО-лар және ҒЗИ, журналистер, әлеуметтік сала.

Бағдарлама шеңберінде несие берудің шарттары:

  • Қарыздың ең жоғары сомасы– 13 млн. теңгеге дейін;
  • Пайыздық мөлшерлеме – 5%;
  • Бастапқы жарна - 10%;
  • Бастапқы және қайталама тұрғын үй алу мүмкіндігі;
  • Қамту- 1000 адам (03.2020 ж. және 16.05.2020 ж., 22.06.2020 ж. және 06.07.2020 ж. аралығында өтініштер тапсырған азаматтардың өтініштерін есепке ала отырып).

Қатысу үшін негізгі талаптар:

  1. Қатысушының жасы 35 жасқа дейін (қоса алғанда),өтініш беру кезінде, жұбайының (зайыбының) жасына қарамастан (бар болса). Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде тек ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады;
  2. Үміткерде және оның отбасы мүшелерінде меншік құқығында тұрғын үйдің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайының әдейі нашарлауы фактілерінің болмауы, Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік бағдарламалар желісі бойынша алынған отбасының басқа мүшелерінің ортақ бірлескен (үлестік) меншігін құрайтын үлестік меншіктегі үлес немесе жалға берілетін тұрғын үй, бұған: жекешелендіру немесе мұрагерлік құқығы нәтижесінде бағдарламаға қатысушы немесе кәмелетке толғанға дейін отбасы мүшелері алған жылжымайтын мүліктегі үлесті және жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда;
  3. Қатысушының ресми жұмыс өтілі келесі санаттар бойынша Алматы қаласында кем дегенде соңғы 6 ай, міндетті зейнетақы мөлшерлемесімен болу қажет: мәдениет, спорт, ЖОО-лар және ҒЗИ, журналистер, әлеуметтік сала (санаттағы неғұрлым толық сипаттамамен сайттағы «АЛМАТЫ ЖАСТАРЫ» ҚАЛАЛЫҚ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕЛЕУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ІРІКТЕУ ТӘРТІБІ ҚАНДАЙ» бөлімінен танысуыңызды сұраймыз).
  4. Қосымша Алматы қаласында тіркелген, жарты жылдан кем емесмерзімде әрекет ететін ЖК (бар болса) (аталған талап, мәдениет саласындағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған қатысушыларға ғана қатысты).

Толығырақ ақпарат сайтта орналастырылған.

Анықтамалар төмендегі телефондар бойынша:

ТЕЛЕФОН

МЕКЕМЕ

300 (ұялы телефон үшін)

8-8000-801-880 (ұялы телефон үшін)

«ҚТҚЖБ» АҚ-ның тегін байланыс телефондары

+7 (727) 225 14 57

+7 (727) 225 14 44

Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы