"Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы" КММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді бастау туралы АНОНС

"Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы" КММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді бастау туралы АНОНС

29.03.2024 ж.
"Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы "КММ" сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы " Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр. Талдау жүргізу кезеңі: ағымдағы жылдың 15 сәуірінен 15 мамырына дейін.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы мәліметтер, сондай-ақ талданатын саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар, талдау объектісінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер болған жағдайда 1-14 сәуір аралығында ақпаратты aksunkar.07@mail.ru электрондық поштаға жіберуді сұраймыз, құпиялылық пен анонимділікке кепілдік беріледі. Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.
Сұрақтар туындаған жағдайда 8/727/2251213, 87017775779 телефондары бойынша хабарласуға қажет.