2024 жылғы 24 қаңтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың жай-күйіне мониторинг жүргізу қорытындысы бойынша жалпы жиналыс өтті

2024 жылғы 24 қаңтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың жай-күйіне мониторинг жүргізу қорытындысы бойынша жалпы жиналыс өтті

Әлеуметтік қызметтер үйінде 2024 жылғы 24 қаңтарда сағат 15:00-де Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелерінің және «Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы» КММ қызметкерлерінің қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың жай-күйі мониторингінің қорытындысы және жұмыс тобының енгізілген ұсынымдары бойынша жалпы жиналыс өткізілді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелері мен қағидаттары түсіндірілді. Қазақстан Республикасының 2022 - 2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы бойынша түсіндіру жүргізілді.

Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жолын кесу, жою және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде қажетті шаралар қабылдау талқыланды.