Алматы қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі М. К. Ахетовтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талқылау жөніндегі кеңестер

Алматы қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі М. К. Ахетовтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талқылау жөніндегі кеңестер

2024 жылғы 08 қаңтарда Алматы қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі М. К. Ахетовтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талқылау бойынша кеңестер өтті.

Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Мамай Қаниұлы Ахметовтың қатысуымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талқылау бойынша кеңестер өткізілді.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасының, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің және мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулер қабылдаудың негізгі ережелері мен қағидаттары түсіндірілді.

Қазақстан Республикасының 2022 - 2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы және Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу бойынша түсіндіру жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жолын кесуге, жоюға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде қажетті шаралар қабылдауға бағытталған мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу алгоритмі талқыланды.