Әлеуметтік қызметтер үйінде 2023 жылғы 29 қарашада Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы қызметкерлерінің және Алматы қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Мамай Қаниұлы Ахетовтың қатысуымен «Мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері, сондай-ақ халық арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбы бойынша жалпы жиналыс өткізілді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасының, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің және мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулер қабылдаудың негізгі ережелері мен қағидаттары түсіндірілді.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жолын кесуге, жоюға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде қажетті шаралар қабылдауға бағытталған мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу алгоритмі талқыланды.