Басқармада кестеге сай азаматтар қабылдауы өтті.
Сонымен қатар, меншік иелеріне басқарудың жаңа нысанын қалыптастыру кезеңінде МИБ төрағасының функциялары туралы кеңес бердік.
Еске салайық, МИБ төрағасы кворум болған жағдайда меншік иелерінің жиналысында 1 жыл мерзімге пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің арасынан сайланады. Меншік иелерінің ешқайсысы төрағалық қызметке орналасуға ниет білдірмесе де, ол заң талабы бойынша кез келген жағдайда сайлануы тиіс. Бұл ретте төраға сайланғаннан кейін басқарушы компаниямен шарт жасаса алады.
МИБ төрағасы МИБ-ті мемлекеттік тіркеуге қою үшін құжаттарды ХҚО-ға өткізеді
(өтініш, жиналыс хаттамасы,
жарғы немесе типтік
жарғы негізіндегі өтініш, түбіртек
тіркеу жарнасын төлеу – 1 АЕК).
Келесі кезекте төраға МИБ-тің мемлекеттік тіркеуден өткені туралы анықтама алып,
үйге жинақ және ағымдағы шоттарын ашады.
МИБ төрағасы ағымдағы басқару органына барлық қолда бар құжаттаманы қабылдау-тапсыру актісіне қол қою туралы хабарлама жібереді.
МИБ төрағасы қызмет көрсетушілермен және сервистік қызмет субъектілерімен шарттар жасасады.
Азаматтарды қабылдау кестеге сәйкес жүргізіледі, барлық сұрақтар бойынша 2251204 телефонына хабарласуға болады.