Мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері арасында, сондай-ақ халық арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі басқармалардың қоғамдық тыңдауы

Мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері арасында, сондай-ақ халық арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі басқармалардың қоғамдық тыңдауы

Әлеуметтік қызметтер үйінде 2022 жылғы 06 желтоқсанда Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы қызметкерлерінің, сондай-ақ Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің өкілі Саят Сергеевич Балғынбаевтың, Алматы қаласы әкімі аппаратының өкілі, құқық қорғау органдарымен жұмыс  және терроризмге қарсы комиссия бөлімінің бас маманы Данияр Қайратұлы Кәрімбаевтың және Алматы қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Мамай Қаниұлы Ахетовтыңқатысуымен «Мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері, сондай-ақ халық арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі басқармалардың қоғамдық тыңдауы» өткізілді.

Тыңдауға қоғам белсенділері мен белсенділер шақырылды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелері мен қағидаттары түсіндірілді. Қазақстан Республикасының 2022 - 2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы және Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу бойынша түсіндіру жүргізілді.

Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторларда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жолын кесуге, жоюға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде қажетті шаралар қабылдауға бағытталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу алгоритмі талқыланды.