Құрметті қала тұрғындары!

Құрметті қала тұрғындары!

Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының лифт, газ және қазандықтар құрылғыларын бақылау бөлімі Сіздерге хабарлайды:

ҮЙГЕ ӨЗ ЕРКІМЕН ГАЗ ЖҮРГІЗУГЕ, ОРНЫН АУЫСТЫРУҒА, ГАЗ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫН, ГАЗ БАЛЛОНДАРЫН ЖӘНЕ БЕКІТУ АРМАТУРАЛАРЫН АУЫСТЫРУҒА ЖӘНЕ ЖӨНДЕУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ («Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптардың» 283 тармағы );
ТҮТІН ШЫҒАТЫН ЖОЛДАР ЖӘНЕ ЖЕЛДЕТУ АРНАЛАРЫ БОЛМАҒАН КЕЗДЕ, ЖЕЛКӨЗДЕР (ФРАМУГАЛАР), ЖАЛЮЗДІ ТОРЛАР, ЖЕЛДЕТУ АРНАЛАРЫ ЖАБЫҚ ТҰРҒАНДА ГАЗ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫН ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ («Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптардың» 234 тармағы );
КОММУНАЛДЫҚ-ТҰРМЫСТЫҚ ЖӘНЕ ТҰРМЫСТЫҚ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ГАЗ ТҰТЫНУ ЖҮЙЕЛЕРІНЕ ЖӘНЕ ГАЗ ЖАБДЫҒЫНА ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУГЕ АРНАЛҒАН ШАРТ ЖАСАСПАЙ, ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ (ҚР «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңының 19 бап, 5 тармағы);
ҚАБАТЫ ЕКІ ҚАБАТТАН АСАТЫН КӨП ПӘТЕРЛІ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДЕ ТҰРМЫСТЫҚ БАЛЛОНДАРДА СҰЙЫТЫЛҒАН МҰНАЙ ГАЗЫН САҚТАУҒА ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ (ҚР «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңының 28 бап, 7 тармақ 1 тармақшасы);
ГАЗ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫН БАСҚА МАҚСАТҚА ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ (ҚР «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңының 1бап, 37 тармағы);
ГАЗ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫНЫҢ, ТҮТІН ШЫҒАТЫН ЖОЛДАРДЫҢ ЖӘНЕ ЖЕЛДЕТУ АРНАЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫС ІСТЕУІН ҚАДАҒАЛАҒАН ЖӨН, ЖАНАТЫН ӨНІМДЕРДІҢ ТҮТІН ШЫҒАТЫН ЖОЛДАРМЕН ӨТУІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕ ОТЫРЫП, ГАЗ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫН ҚОСҚАНҒА ДЕЙІН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕГЕН КЕЗІНДЕ ТҮТІНДІ ТАРТУЫН ТЕКСЕРУ ҚАЖЕТ (ҚР «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңының 30 бап, 4 тармағы);
ГАЗ ЖАБДЫҒЫНДА АҚАУ БОЛҒАН КЕЗДЕ ГАЗ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ШАҚЫРҒАН ЖӨН (ҚР «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 82 бап, 2 тармағы).
Егер газ құрылғыларынан ақау байқаған болсаңыз, газ қызметі көмегіне 104 телефоны арқылы хабарласыңыз.