Азаматтарды қабылдау жүргізілді

Азаматтарды қабылдау жүргізілді

Бүгін кестеге сәйкес азаматтар қабылдауы өтті.
Басқа да сұрақтармен қатар, тұрғын үйді ұстау өлшеміне қатысты бірнеше сұрақ түсті.
Еске салайық, үйді ұстау шығындары жарналарының мөлшері жалпы жиналыста бекітілуі керек. Бұл ретте пәтер иелері қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылауы керек.
Тұрғын үйді ұстау шығынына әкімшілік шығындар (еңбекақы, кеңсе тауарлары, оргтехникалық қызмет көрсету және т.б.) және өндірістік шығындар (дезинфекциялау; абаттандыру; ауланы қардан, жапырақтардан тазалау; орталықтандырылған жылу жүйелерін күтіп ұстау, бақылау құралдарын ұстау және тексеру және т.б.) кіреді.
Осылайша, үйді дұрыс күтіп ұстау уақтылы салымдарға тікелей байланысты.
Осы және басқа да мәселелер бойынша кеңесті азаматтар қабылдауынан ала аласыз, қабылдауға жазылу үшін 225-15-09 телефонына хабарласуға болады.