Газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану шаралары бойынша насихаттау айлығы

Газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану шаралары бойынша насихаттау айлығы

Анықтама

 

"Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қысыммен жұмыс істейтін газ жабдықтарын, қазандарды, баллондарды және ыдыстарды қауіпсіз пайдалану шаралары бойынша насихаттау айлығын" өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Басқарма Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті полиция қызметі басқармасымен бірлесіп, 2021 жылғы 08-19 қараша аралығында. Наурызбай ауданы бойынша Қазақстан Республикасының "Газ және газбен жабдықтау туралы" Заңын, "газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды", әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын пайдалану бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде 2 сауда базары, 2 СОО, 30 қоғамдық тамақтану объектілері қамтылды, оның ішінде 5 объектіде белгіленген талаптарды бұза отырып, газ баллондарын пайдаланады.

Осы тұтынушылармен газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану, сондай-ақ ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленген жауапкершілік бойынша талаптарға қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.