Алматыда көпбалалы отбасыларға пәтер кілттері табыс етілді

Алматыда көпбалалы отбасыларға пәтер кілттері табыс етілді

Алматыда көпбалалы отбасыларға пәтер кілттері табыс етілді.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында көпбалалы отбасыларға баспана кілтін табыстады.
Мегаполис басшысы атап өткендей, ағымдағы жылы қолданыстағы тұрғын үй бағдарламалары бойынша 5 мыңға жуық алматылық отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда - жыл соңына дейін 4 926 пәтер беріледі, оның ішінде көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік осал топ өкілдеріне:
- Жұмысшы жастарға 1050 жалға берілетін пәтер бөлінді.
- «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 1013 көпбалалы және толық емес отбасы баспаналы болады.
- «Алматы жастары» қалалық бағдарламасы бойынша тағы 1000 жас отбасы баспаналы болады.
Сонымен қатар, жыл соңына дейін азаматтардың жекелеген санаттарына арналған «Шаңырақ» және «Бақытты отбасы» бағдарламалары бойынша бастапқы төлемді толықтыру үшін 1 миллион теңгеге 2 мың тұрғын үй сертификатын беру көзделгенін айта кеткен жөн.