Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы "LG Kazakhstan Elevator Group" Талғар лифт зауытына сапармен барды

Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы "LG Kazakhstan Elevator Group" Талғар лифт зауытына сапармен барды

Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы "LG Kazakhstan Elevator Group" Талғар лифт зауытына сапармен барды.
Лифт жабдықтары зауыты LGS Korea кореялық лифт фабрикасымен бірлесіп 2018 жылы ашылды.
Зауытта лифтілер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған көтергіштердің өндіріс барысымен таныстық.
Осы арада Алматыда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында, лифт қондырғыларын кеңінен жаңарту жүріп жатқанын естереіңізге салайын.
Осылайша, ағымдағы жылы 148 үйге жоспарланған 334 лифтінің 124 үйдегі 273 лифті ауыстырылды.
Жылына 300 лифт ауыстыру жылдамдығымен, 2025 жылға қарай, жарамдылық мерзімі 25 жылдан асып кеткен ескірген лифтілердің негізгі бөлігі ауыстырылады.