Анықтама
"Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде газ жабдықтарын, қазандарды, баллондарды және қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды қауіпсіз пайдалану шаралары бойынша насихаттау айлығын" өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Басқарма Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментімен (бұдан әрі - ТЖД), жергілікті полиция қызметі басқармасымен (бұдан әрі - ЖПҚБ) бірлесіп, 2021 жылғы 02-13 тамыз аралығында жұмыс жасайды. Әуезов ауданы бойынша Қазақстан Республикасының "Газ және газбен жабдықтау туралы" Заңының, "газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптардың", әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын пайдалану бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде 4 сауда базары, 2 СОО, 45-тен астам қоғамдық тамақтану объектілері қамтылды, оның ішінде 22 объектіде белгіленген талаптарды бұза отырып, газ баллондарын пайдаланады.
Осы тұтынушылармен газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану, сондай-ақ ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленген жауапкершілік бойынша талаптарға қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.