Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы Алматы қаласы әкімдігінің Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры бос лауазым орнына орналасуға конкурс жариялайды

Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты  басқармасы Алматы қаласы әкімдігінің Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры бос лауазым орнына орналасуға конкурс жариялайды

Алматы қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, 050014, Алматы қаласы, Көкмайса шағын ауданы, 26е, телефон  252-62-15,  факс 252-61-12.

Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні автомобиль жолдарын пайдалану қағидаларының талаптарына жауап беретін жұмыстар кешенін орындау болып табылады, соның нәтижесінде жолдар мен жол құрылыстарының көліктік-пайдалану жай-күйі сақталады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты қаланың көше-жол желісін санитарлық тазалау болып табылады. Кәсіпорын алдына қойылған міндеттерді іске асыру үшін келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) қала көшелерін (жолдарын) көктемгі, жазғы және күзгі кезеңде күтіп ұстау бойынша жұмыстарды бөлу жолағындағы қоқысты жинау, оны тиеу және қоқыс төгілетін жерге шығару, бөлінген белдеулерді шабу және шабылған шөпті жинау, қала көшелерін тазалау және жуу, су өткізгіш жыраларды көктемде қардан, ал жазда қоқысты шығару арқылы жиналған қоқыс пен балшықтан тазалау, тротуар мен жаяу жүргіншілер аймағын қардан, қоқыстан және бөтен заттардан тазалау және жуу;

2) қала көшелері жолдарын қысқы күтіп ұстау бойынша жұмыстарды көк тайғаққа қарсы материалдарды дайындау, жолдарды қардан тазалау, жолдарды қарлы борасындардан ашу, жолдардың жүру бөлігін қарлы жамылғыдан тазалау, қарлы дуалдарды жою, қала көшелерінің жүру бөлігін,  тротуарларды көк тайғаққа қарсы материалдармен өңдеу және оларды жүру бөлігінен қажетті уақыттан кейін тазалау, автобус аялдамаларын қар мен мұздан жүйелі түрде тазалау жұмыстарын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары техникалық білім. Басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі; «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексі, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі; Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын; Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік меншік туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының осы кәсiпорынның қызметi саласындағы қатынастарды реттейтiн басқа да нормативтiк құқықтық актілерін білуі қажет.

Кәсіпорынның өндірістік технологиясын және қызмет көрсетуін, ұйымды басқарудың жаңа әдістерін, стратегиялық жоспарлау, экономикалық индикаторлар жүйесін, шаруашылық және қаржылық келісім-шарттарды жасасу тәртібі мен орындалуын, Кәсіпорынның экономикасын және қаржысын басқаруды, еңбек және өндірісті ұйымдастыруды, салалық келісімдерді, ұжымдық келісім-шарттарды әзірлеуді және жасасуды, әлеуметтік-еңбек қатынастарды реттеуді, еңбек қорғау және қауіпсіздік ережелерін, өрт қауіпсіздігі талаптарын білуі қажет.

Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің  2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидалары негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін тапсырылатын құжаттардың тізімі:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) белгіленген тәртіппен куәландырылған, білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) белгіленген тәртіппен расталған еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және одан еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

6) денсаулығы туралы белгіленген нысанадағы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс стажына, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар туралы құжаттардың көшірмелері және т.с.) беруіне болады.

Конкурсқа қатысу үшін қабылданатын құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру ресми бұқаралық ақпарат құралдары бетінде және Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы ресми сайтында www.uzh-almaty.kz, жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасына 050021, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 85, 5 қабат, әкімшілік-қаржы бөлімі мекен-жайы бойынша тапсырылуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалар тізімі анықталғаннан кейін күнтізбелік 10 күн ішінде конкурсқа қатысушылар әңгімелесуді Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасында өтеді.

 

 

Анықтама телефоны:  225-12-13