Тұрғын үй сертификаттарын беруге өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру

Тұрғын үй сертификаттарын беруге өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру

Алматы қаласы мәслихатының шешімдерімен бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін тұрғын сертификаттарының берілуіне 2 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлініп, Алматы қаласында төмендегі санаттар бойынша кезекте тұрған азаматтар қатарынан әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз және қайтарылмайтын негізде 1 млн. теңге көлемінде тұрғын үй сертификаттарын алушылардың тізбесі айқындалғандығын хабарлаймыз:

  • 1 және 2 топтағы мүгедектер;
  • мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылар;
  • жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • көпбалалы отбасылар.

Тұрғын үй сертификаттары Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Жергілікті атқарушы органның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйі», «Шаңырақ» пилоттық жобасына қатысушыларға кредит беру» және «Жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандардың ішінен аз қамтылған отбасыларға «Отбасы банк» АҚ-ның кредит беруі» («Бақытты отбасы» республикалық бағдарламасы) бағыттары шеңберіндегі қолданыла алады.

Бұл ретте тұрғын үй сертификаты әлеуметтік көмек ретінде өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде отбасының әрбір мүшесіне ағымдағы қаржы жылына заңнамада белгіленген айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен аспайтын соңғы 6 ай ішінде еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен орташа табысы болған жағдайда беріледі (106336 теңге).

Тұрғын үй сертификатын алу үшін «Отбасы банк» АҚ-да алдын ала төлем қабілеттіліктен өткен азаматтарға Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасына келесі құжаттармен жүгіну қажет:

  • Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
  • өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (зайыбының (жұбайының), кәмелетке толмаған балаларының) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы тұлғаны сәйкестендіру үшін беріледі);
  • соңғы 6 ай ішіндегі еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен табысы туралы анықтама (барлық отбасы мүшелеріне (зайыбына (жұбайына), кәмелетке толмаған балаларына));

қарыз сомасы, бастапқы жарнаның мөлшері және ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша ай сайынғы төлемнің сомасы туралы мәліметтерді қамтитын, өтініш берушіге бастапқы тұрғын үй сатып алу үшін ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы ЕДБ-нің хатын қоса бере отырып жүгінуі тиіс.