Азаматтардың кезекті онлайн қабылдауын Басқарма басшысының міндетін атқарушы Ермек Әміров өткізді

Азаматтардың кезекті онлайн қабылдауын Басқарма басшысының міндетін атқарушы Ермек Әміров өткізді

Азаматтардың кезекті онлайн қабылдауын Басқарма басшысының міндетін атқарушы Ермек Әміров өткізді.
Бүгін тұрғын үйді жекешелендіру алгоритміне қатысты көптеген сұрақтар қойылды.
Бұрын біз жекешелендіру кезінде жасалатын шаралар туралы айтқан болатынбыз.
Сонымен, тұрғын үйді жекешелендіру тәртібі мен талап етілетін құжаттардың тізімін Басқарманың https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=368046274422735&id=100036520963467 сілтемесі арқылы табуға болады.
Сонымен қатар, коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана алу үшін қай санаттағы адамдар өтініш бере алатындығын және бұл үшін қандай құжаттар қажет екенін еске түсіру керек.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67, 68 баптарына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаждар есебіне тұра алады:
1)мемлекеттік қызметшілер;
2)бюджеттік ұйымдардың
қызметкерлері;
3)әскери қызметшілер;
4)ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер;
5)арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлері және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар;
6)жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтары.
7)Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
8)Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
9)1 және 2 топтағы мүгедектер;
10)мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылары;
11)Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;
12)жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
13)кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
14)оралмандар;
15)экологиялық зілзалалар, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;
16) көп балалы отбасылар (отбасында төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалар болған кезде);
17)мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
18)толық емес отбасылар, кәмелетке толмаған баланы ата-ананың біреуі тәрбиеленген кезде.
Есепке қою үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктері (идентификация үшін);
2) неке тұру (некені бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың туу туралы куәліктерінің сканерленген нұсқасы;
3) назарға ұстау үшін: өтініш берушінің отбасы Алматы қаласында 3 жылдан кем емес тіркеуде болуы және ҚР аумағында 5 жылдан астам тұрғын үй болмауы тиіс.
4) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын азаматтар өтініш берушінің (отбасының) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататындығын растайтын құжатты қосымша ұсынады (мүгедектер үшін мүгедектігі туралы анықтама, толық емес отбасылар үшін неке бұзу туралы/әкелікті анықтау туралы куәлік, АХАЖ-дан форма №4 немесе форма №15 нысан бойынша анықтама);
5) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын азаматтар (жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және мүгедек балаларды қоспағанда) өтініш бермес бұрын отбасының әр мүшесіне соңғы 12-айдағы табыстары туралы мәліметті қосымша тапсырады;
6) мемлекеттік қызметшілер санатына жататын азаматтар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын тұлғалар жұмыс (қызмет) орнынан анықтама тұпнұсқасының сканерленген нұсқасын тапсырады.
Құжаттарды тіркеу орны бойынша ХҚКО-ға немесе egov.kz. сайыты арқылы тапсырады.
Азаматтарды қабылдау кесте бойынша өткізіледі, барлық сұрақтар бойынша 2251409, 2251204 нөмірлеріне хабарласуларыңызға болады.